Бүгін, 12 маусымда Алматыда таң ата өрт шықты. Қала аудандарының бірінде қонақүй жанды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 маусымда, таңғы сағат 6:00-де Алатау ауданы, Қарасу ықшам ауданы, Молодежная көшесінде орналасқан қонақүйден өрт шықты.
«ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша оиға орнына 6 минутта жетті. Өрт сөндірушілер 2-қабатты қонақүйдің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрт бутиктерге таралып үлгерген. Дереу өрт оқпандары жақын маңдағы дүкендер мен жеке тұрғын үйлерді қорғауға берілді, өртті сөндірудің 3 учаскесі құрылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді»,- деп хабарлады департаменттен.
Қонақүй әкімшілігі мәлім еткендей, адамдар дереу сыртқа шығарылып, өрт орнынан 4 газ баллоны шығарылды.
https://turkystan.kz/article/244460-almatydagy-konak-uiden-ort-shykty