«Адамгершілігін әлеуметтік желі арқылы таныған»: Сабина Мовлаева түрік әншісі Мурат Япырактың ұсынысын қабылдады

71

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Revue news мәліметінше, танымал түрік әншісі Мурат Япырак отандық блогермен дуэт жаздырғысы келетінін айтқан.

“Мен ол кісімен Нұрдәулет деген блогердің туған күнінде таныстым. Сол жерден мені көріп, парақшама дуэт айтайық” деп жазды. Қазір шығармашылық байланысты орнатып жатырмыз. Мурат мырза әнді дайындауды толығымен өз мойнына алды. Ол түрікше, мен қазақша айттым. Жақында Түркия еліне аттанамыз. Мурат Япырактың командасымен жұмыс істейміз. Бейнеклиптің демеушісі – Мураттың өнердегі досы. “Мені талантымды көріп, бейнебаянның спонсоры өзім боламын” деді. Түріктің өнер жұлдызы мені әбден зерттепті. Адамгершілігіңе тәнті болдым деді. Бұйырса, мықты колобрация болғалы тұр”, – деді блогер.



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, блогердің қадамын қолдап жатыр. Енді бірі түріктерден сақ болуға шақырды.

“Құтты болсын, сәттілік!”, “Адамгершілігін әлеуметтік желі арқылы таныған ба?”, “Әдемі қызсың бірақ сөйлегенің жасанды”, “Түрік эстрадасын бағындыруыңа тілектеспін”, “Осы қыз өзін керемет жоғары бағалайды”, “Түріктер сақ халық, сан соғып қалма” – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Айта кетейік, Блогер Сабина Мовлаева Kalifarniya-ға ренішін жеткізгенін жазған едік.

https://stan.kz/adamgershiligin-aleumettik-zheli-arkili-tanigan-sabina-401365/

Leave A Reply

Your email address will not be published.