«132 миллион теңге қарызы болды»: Қыран Талапбектің әйелі күйеуінің қандай шарт қойғанын айтты

85

Айта кетейік, Қыран Талапбек блогер Айжұлдыз Адайбековамен шаңырақ көтеріп, ажырасып кеткен еді. Қос желі жұлдызының Назар есімді ұлдары бар. Кейін мобилограф актриса Гүлзада Тұрлашпен бас қосты.

“Қыранмен танысқанда оның 132 млн теңге қарызы болды. Оның жабуға ақшасы да болған жоқ. Мұны айтуға бола ма, болмай ма, білмеймін. Жүріп жүрген кезде «Сен қалай ойланасың? Не істейміз? Қалай жабасың?» дедім. Қыран маған сонда «Менде қазір саған бүкіл қалағаныңды сыйлайтын ақша жоқ. Менде қарыз бар. Егер қасымда болып, бәріне шыдасаң, 1-2 жылда күшті өмір сүресің, қалаған затыңды аласың, қалаған жеріңе барасың. Шыдайсың ба?» деді. Мен келістім. Сол күнге жеттік. Қыран – тәуекелдің адамы. Ол жарты жыл бұрын жауып тастады. Қазір Қыранның тәуекел еткенінің арқасында жақсы үйде тұрамыз. Сондықтан тәуекел етуден қорықпаңыздар», – деді актриса.



Сонымен қатар Қыран Талапбектің гонарарын да айтып өтті. Шетелде жұмыс істеуге көп шақырту алғанын да жасырмады.

“Қыран өте көп жұмыс істейді. Сол үшін өзін жоғары бағалайды. Ірі көлемді гонарарларға келіседі. Мысалы, Lexus компаниясымен жоба жасады. Лос-Анджелес қаласына ұшып бардық. Өте керемет қарсы алды. Сол кезде мен Қыранның деңгейін, қандай жұмыс істейтінін түсіндім. Жалпылама айтып өтейін. Міндетті түрде 5 жұлдызды қонақ үйге түседі. Оған жайлы жер өте маңызды. Қай қалаға барсақ та, көмекші болуы керек. Сосын Қыран жалғыз ұшпайды. Жанында мен боламын немесе командадан оператор болуы мүмкін. Қалада қыдыратын көліктің маркасы да өте маңызды. Қыран екі күн ұйықтамастан жұмыс істей алады. Мен де кедергі келтірмеймін. Сол үшін де онымен кез келген компания жұмыс істей алмайды. Жастар тілімен айтқанда, райдері өте көп”, – деп ағынан жарылды актриса.

Еске салайық, Гүлзада Тұрлаш апта сайын күйеуінен бренд сыйлық алатынын жасырмады.

https://stan.kz/132-million-tenge-karizi-boldi-kiran-talapbektin-ayeli-400979/

Leave A Reply

Your email address will not be published.