АУДАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

134
Қоршаған ортасы таза елдің жаны да таза. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен басталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының тазалықты насихаттап қана қоймай, ел-жұрттың басын біріктіретін рухани маңызы да зор болды.

Ауқымды экологиялық науқан «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» тақырыптарымен апта сайын жүзеге асып келді.
Акция аясында Сарысу ауданында да белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Бүгін, яғни 28 мамыр күні аудан жастарының қатысуымен Жаңатас қаласындағы «Ынтымақ» аллеясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған игі шарада аудан жастары тазалық жұмыстарына ұйытқы болып, туған жерді түлетуге ат салысты. Акцияға 50-ге жуық жастар қатысты.
Аллея алаңы қураған шөптерден, қоқыстардан тазартылды.
Акция барысында Сарысу ауданының бас имамы Айбек Каримбаев, Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев және «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкері Назерке Айнабекова өз ойларын білдіріп, туған жерді таза ұстау, қоршаған ортаға құрметпен қарау басты парыз екендігін, алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғаса беретіндігін айтты. Аудан жұртшылығын тазалық акциясына белсенді қатысуға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.