Жамбылдық оқушылар республикалық форумда І орын иеленді

582

Қыркүйек айының 20-23 күндері аралығында Ақтау қаласында өткен жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зереттеушілерінің «Табиғатты аяла» атты республикалық форумына Жамбыл облысынан 9 оқушы қатысты.
Аталған шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында оқушыларды табиғатты қорғауға баулу мақсатында ұйымдастырылған.
Жамбыл облысының командасы форумға қатысқан барлық командалардың арасынан жүлделі І орын иеленіп, арнайы номинациялармен марапатталды.
Форум аясында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әлеуметтік маңызы бар зерттеу жұмыстары мен жобалар бойынша облыс оқушылары ғылыми жұмыстарын қорғап, «Жасыл экономика» номинациясы бойынша Жамбыл ауданы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Шаханов Қазыбек (жетекшісі: Қ.Отарбаев) , «Мерейтойыңмен, Астана!» номинациясы бойынша Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Қайрат Еркемай (жетекшісі: М.Турумова) жүлделі І орынды иеленсе, «Туған өлкені зерттейміз» номинациясы бойынша Сарысу ауданы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Абдраман Зарина (жетекшісі: Қ.Амирбекова), «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы бойынша Тараз қаласы №45 гимназиясының оқушысы Асамбай Жалғас (жетекшісі: Ж.Тоқтасынова) жүлделі ІІ орынды, «Экоәлем» номинациясы бойынша Талас ауданы Якияев Мукасан (жетекшісі: Ж.Серикова) ІІІ орынды жеңіп алды. Ал Тараз қаласы №24 гимназиясының оқушысы Халевич Людмила «Шебер қолдар» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.