ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шарипов Тараз қаласы және аудан әкімдерінің қатысуымен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды толтыру мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында бос лауазымдардың қалыптасуы және ұзақ мерзім бойы бос болу себептері талқыланды.
Сонымен қатар, жоғары оқу орнын бітірген түлектерді аудан мен ауылдардағы басшылық емес лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей қабылдау мүмкіндігін кеңінен пайдалану ұсынылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша бос тұрған лауазымдарды барынша қысқа мерзімде толтыру қажеттігі туралы е.скертілді