ҰҚК тағы бір есірткі зертханасын әшкереледі

58
ҰҚК тағы бір есірткі зертханасын әшкереледі
 ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік қызметі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетін ұйымдастыруға күдікті ретінде Қазақстан азаматын ұстаған.

Тінту барысында 25 келіге жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна прекурсор, зерхана құрылғылары, сондай-ақ шетелдік валютадағы ірі көлемде ақшалай қаражат алынды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Соттың санкциясы бойынша, ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

https://turkystan.kz/article/242390-k-ta-y-bir-esirtki-zerthanasyn-shkereledi

Leave A Reply

Your email address will not be published.