Бүгін, Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт кешенінде халық қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған қоян-қолтық ұрысынан Жамбыл облысының ашық чемпионаты өтті. Ашық чемпионатқа Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінің қызметкері әділет аға лейтенанты Жандос Тортаев қатысып, 3-ші орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Жандос республикалық жарысқа жолдама алды. Әріптесіміздің алдағы жарыстан жүлделі оралуына тілектеспіз!