Су тасқыны: Өңірлердегі оқушылар емтихандардан босатылды

74

Атырау мен Ақтөбе облысындағы оқушылар үшін БЖБ мен ТЖБ алынып тасталды. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады.

«Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингінен Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан 28 мектеп босатылды. Алты өңірде мониторинг 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды (Ақмола, Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай және БҚО). Қалған өңірлерде оқу штаттық режимде жүргізілуде», — деді спикер.

Министрлік оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Эвакуациялық пункттердегі балаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 2393 бала оқу процесін ұйымдастырумен бірге орналастырылды: бастауыш сынып оқушылары сауықтыру орталықтарына ата-аналарымен бірге жіберіледі; орта буындағы оқушылар республикалық маңыздағы инновациялық мектеп лицейлердің жатақханаларына орналастырылады («Дарын», РФММ, БИЛ және НЗМ); жоғарғы сынып оқушылары (9-11 сыныптар) уақытша колледждерге орналастырылады.

«Министрлік балаларға қосымша 3182 орын әзірлеп қойды», — деді ведомствоның ресми өкілі.

https://turkystan.kz/article/242016-su-tas-yny-irlerdegi-o-ushylar-emtihandardan-bosatyldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.