Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік

136
Құрметті қала тұрғындары!
Ардақты ағайын!
Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Отыз күндік оразадан кейін келетін бұл мерекені халқымыз қашанда ерекше сезіммен, зор қуанышпен қарсы алады. Рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын Рамазан айын ұлықтап, бір-біріне ізгі тілектерін арнайды.
Ораза айт әр мұсылманның жүрегіне имандылық нұрын себеді. Жұртты жақсылық жасауға, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға үндейді. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытып, молшылық пен берекеге бастайды. Сол арқылы халқымыздың береке-бірлігін нығайтып, ырыс-ынтымағын арттырады.
Қадірлі мұсылман бауырлар!
Алла Тағала ұстаған оразаларыңызды, дұға-тілектерімізді, қасиетті айда жасаған әрбір қайырлы амалдарды, садақаны қабыл етсін!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік.

Бақытжан Орынбеков,

Тараз қаласының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.