АРЗАН ЕТ ӨНІМДЕРІ САТЫЛДЫ

99
Өткен аптаның сенбісінде аудан орталығындағы Абылайхан атындағы алаңда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп, арзан сиыр, қой еттері сатылды. Алдын ала дайындалған сату орындарына жайғасқан шаруа қожалықтарының өкілдері өздерінің жәрмеңкеге шығарған өнімдерінің бір килограмын 1700 теңгеден саудалап, ауыл тұрғындарының алғысын алды. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қуандық Төлеубековтің айтуынша, көктемнің көкөзек уақытында аз да болса ауыл тұрғындарына қолдау көрсетуге ниеттенген шаруалар аталған жәрмеңкеге 1 сиыр, 10 қойдың етін сатуға шығарған. Мұндай ет өнімдері жәрмеңкесі алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.
Ж.СЕЙІЛХАНҰЛЫ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.