Полиция қызметкерлері Рудныйда жоғалып кеткен баланы тапты

74

Анасының айтуынша, балабақшадан келгеннен кейін ойнап жүрген бала қас-қағым сәтте ұшты-күйлі жоқ болып кеткен.

Біраз уақыт өз беттерінше іздеген ата-анасы полицияның көмегіне жүгінген. Сақшылар бірнеше минут ішінде жедел іздестіру жұмыстарын қолға алып, барлық бейнебақылау камерасын қарап, тұрғын үйлерді аралап шықты.

Іздестіру операциясы сәтті аяқталып, баланың көрші подъездегі құрбысына қонаққа барғаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары балаларды қараусыз қалдырмау керектігін және жоғалған жағдайда дереу 102 арнасына хабарлау керектігін ескертеді.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.