СУ ТАСҚЫНЫМЕН КҮРЕСУ ҮШІН АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА ҚТЖ АРНАЙЫ ПОЙЫЗДАРЫ ЖӨНЕЛТІЛДІ

90
Су тасқыны салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілген Құлсары станциясына Мақат және Бейнеу станцияларынан өрт сөндіру және шайып кетуге қарсы пойыздары жіберілді. Олар кесек тастармен, рельсті пакеттермен, шпалдармен жабдықталған. Басты міндеті – су басқан ауданнан еріген суды сорып алу.
Еліміз бойынша барлығы толық жасақталған және кез келген уақытта 45 шайып кетуге қарсы пойыз су басқан жерге шығуға дайын. Штаттан тыс жағдайларға дереу ден қою үшін 47 өрт сөндіру пойызы кезекшілік етеді.
➡️Су басқан аудандардан халықты теміржол арқылы эвакуациялау жалғасуда. 6 сәуір сағат 14.00-дегі жағдай бойынша Атырау облысында темір жол көлігімен 2320 жолаушы тасымалданды.

ҚТЖ — Қазақстан темір жолы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.