БАНАН МЕН ЛИМОН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

107
Ерназар ауылының тұрғыны Ермұхан Әжіғат өткен жылы “Қайтарымсыз грант” алып, ауласында жылыжай соқты.
Дәл қазіргі кезеңде 1 соттық жерде кезекті өнім жайқалып өсіп, оны жинау жұмыстарына кіріскен. Кәсіпкер италияндық “клэри” тұқымын арнайы Шымкенттен алып келіп, ерекше жемісті баптауды да меңгеріп алған. Қазір бұл істің басы-қасында ұлы екеуі жүр. Қыс бойы дайын өнімді ауданның кәсіпкер қыз-келіншектері шоколадты құлпынай жасауға сатып алған. Тұрақты тұтынушылары бар ерназарлық азамат алыстан емес ауласынан тағы лимон мен банан өсіруге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Тәжірибе ретінде құтыға алғашқы лимонды отырғызып, оның жемісін күтуде.
Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Қуат Ошақбайдың мәліметі бойынша, аймақта тұрақты табыс тауып отырған 8 639 шағын және орта бизнес субьектілері бар. Нысандарда 7 915 адам еңбек етіп, жалпы 30,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.