Мәжіліс депутаты тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға киіз үй апарады

55

Ол өз командасымен бірге су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 2,5 тонна гуманитарлық көмек жеткізген.

«Жанкелді ауданы Тәуіш (Жаркөл) ауылында суға батқан әр үйді аралап шықтым. Ауылға келген залал орасан.  Жергілікті халықпен сұхбаттасқан соң жағдайды жеке бақылауыма аламын деп тұрғындарға уәде бердім. Зардап шеккен әр отбасының шығынын комиссия әділ түрде бағалап, мемлекет тарапынан тиісті өтемақы тағайындалуы тиіс! Бармақ басты, көз қыстылыққа жол жоқ», — деді депутат.

Естеріңізде болса, Тәуіш ауылындағы су тасқыны салдарынан Торғай мен Арқалық арасындағы тас жолдың бір бөлігі жабылып қалған болатын.

«Қазіргі уақытта мен барған Жаркөл ауылдық округында Ұлттық ұлан сарбаздары көмек көрсетіп жатыр. Ауылға гуманитарлық көмектер жеткізілуде. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері тасқын сумен күресуде. Шығын көлемі де есептеліп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары келіпті! Тіпті, көмекке тікұшақ бөлініпті! Ауылға байланыс, сеть қосылды. Ауыл тұрғындарының белсенділерімен телефон арқылы байланыста отырмын.
Алдағы уақытта журналист Нұрбек Бекбаумен бірлесе киіз үй апару мәселесін шешудемін. Себебі Үкімет үй салып бергенше ауыл тұрғындары тұрақтайтын жер керек», — деді Дәулет Мұқаев.

 

https://turkystan.kz/article/241693-m-zhilis-deputaty-tas-ynnan-zardap-shekken-t-r-yndar-a-kiiz-y-aparady

Leave A Reply

Your email address will not be published.