Комиссия отырысы

79
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбековтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Жиынға арнайы Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары — қызмет басшысы Байболат Ерлан қатысты.
Комиссия отырысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, «Қазақстан Республикасында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» орындалуы нашақорлық және есірткі қылмысына қарсы бағытта атқарылған жұмыстардың тиімділігі, жергілікті атқарушы органдардың тарапынан пробация қызметін қолданылатын азаматтарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша ұйымдастырылған жұмыстар, 2023 жылғы комиссия отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы сынды өзекті мәселелер қаралды.
Басқосуға комиссия мүшелері, аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары, Қаратау қаласы мен ауылдық округ әкімдері және тиісті мекеме басшылары қатысқан болатын.

 

Талас ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.