Штаб отырысы

181
Бүгін аудан әкімі Бегзат Болатбековтың төрағалығымен Су тасқыны мәселесі бойынша аудандық штаб отырысы өтті.
Жиынға аудандық мемлекеттік мекемелерінің басшылары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Қазіргі таңда аудан аумағында су тасқыны қауіпі жоқ. Дей тұрғанымен алдын алу шараларына аса мән берген жөн. Осыны ескерткен аудан басшысы жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Олардың қатарында Төтенше жағдайлар бөліміне аудандық қауіпсіздік паспортына сәйкес су тасқынына қарсы атқарылатын іс шаралар бойынша нақтылау жүргізу, аудан аумағында су тасқыны туындаған жағдайда халықты, штаб мүшелерін хабардар ету схемасын нақтылау, полиция бөлімімен бірлесіп су тасқыны туындаған жағдайда халықты хабардар етудің қосымша тәсілдері қарастыру және аталмыш тапсырмаларды қадағалау бойынша аудан әкімі орынбасарларына, нақты жұмыстар атқару жөнінде бірқатар бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Қайталай кетсек, қазіргі уақытта аудан аумағында су тасқыны қауіпі жоқ, барлық мәселе аудан әкімдігінің тікелей бақылауына алынған.

Қордай ауданының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.