БАС ПРОКУРОР ОБЛЫС ПРОКУРОРЛАРЫМЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

213
Бас Прокурор Ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесіп, онда Үшінші Ұлттық құрылтайда Президент жариялаған «Әділетті Қазақстан – Жауапты азамат – Прогрессивті ұлт» тұжырымдамасының құндылықтарын ілгерілету шараларын талқылап, жастардың арасында «Адал aзамат» дүниетанымын қалыптастыруына белсене қатысуға шақырды.
Бұдан кейін Б.Асылов облыс және аудан прокурорларымен кеңес өткізіп, оларды прокуратура органдарының құрметті зейнеткерлерімен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен бірлесіп, Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді жүзеге асыруға кірісуге бағыттады.
Осыған байланысты прокурорларға Бас прокуратурада студенттерді және қоғамның барлық мүшелерін қамтитын Кешенді медиа-жоспар әзірлеу, құқық қорғау органдарының қоғамды толғандыратын мәселелері бойынша бейнелекциялар топтамасын дайындау, сондай-ақ азаматтардың құқықтық өтініштеріне жауаптары бар «мобильді прокурор» қосымшасын іске қосу тапсырылды.

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.