Қостанай облысына су тасқынынан кейін интернетті қалпына келтіру үшін Starlink терминалдары жеткізілді

108

Фото: Getty Images

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне тиісті сауал жолдаған екен.

Жақын күндері облысқа Starlink жабдығының тағы 70 жиынтығы жеткізілмек. Білім беру үдерісінің үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте облыстағы мектептерді жабдықтап жатыр.

Қостанай облысының оңтүстік өңірлерінде интернетке ғана емес, ұялы байланысқа да қатысты мәселелер бар. Әкімдікте атап өтілгендей, ұялы байланыс операторларының зардап шеккен аудандардың тұрғындарына тегін тарифтік пакеттер бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.

Амангелді ауылында Beeline, Kcell және Tele2, Торғайда Tele2 және Beeline байланыстары жұмыс істей бастады. Торғайда кешке дейін Kcell/Activ іске қосылады деген бол

https://stan.kz/kostanay-oblisina-su-taskininan-keyin-internetti-kalpin-397639/жам бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.