АЙМАҚТА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

164
Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 644,5 мың гектарға себіледі. Нақтырақ айтқанда, 364,7 мың гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 45,8 мың гектарға майлы дақылдар, 7,9 мың гектарға қант қызылшасы, 4,5 мың гектарға картоп, 23,1 мың гектарға көкөніс, 7,9 мың гектарға бақша дақылдары және 190,5 мың гектарға мал азығы егілмек.
Бүгінгі күні Байзақ, Жамбыл, Меркі аудандарында көктемгі дала жұмыстары басталып, 6 975 гектар жер жыртылса, 2 780 гектар алқап егіске дайындалды. Одан бөлек, 1 280 гектарға арпа, 225 гектарға көкөніс, 32 гектарға картоп егілді.
Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 44,8 мың тонна тұқымның 42,9 мың тоннасы дайындалды. Бұл қажетті тұқым көлемінің 96,0 пайызын құрайды. Ал, жетіспейтін тұқым көлемі облысымызда және көрші облыстарда тұқым өндіруге және сатуға аттестатталған шаруа қожалықтар тарапынан толықтырылатын болады.
Сондай-ақ, биылғы егіс жұмыстарына 7 311 дана ауыл шаруашылығы техникасын яғни, 4 585 дана трактор, 1 234 дана соқа, 580 дана қопсытқыш, 822 дана дән сепкіш, 90 дана тұқым дәрілегіш техникаларын жұмылдыру жоспарланған.
Дала жұмыстарына қажетті дизель отыны 10,8 мың тоннаны құрайды. Оның 2,9 мың тоннасы облысқа жеткізіліп, 826,7 тоннасы шаруашылықтарға таратылды. Жанар-жағар май 250 теңгеден босатылуда.
Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру мақсатында «Кең дала» бағдарламасы арқылы 2,5 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Бүгінгі күні 1,2 млрд. теңгеге 77 өтінім мақұлданып, төлем жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.