«Ұлыстың Ұлы күні Әз Наурыз мерекесіне орай Ұлттық спорт іс-шарасы ұйымдастырылды

160

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде «22-наурыз Ұлыстың Ұлы куні Наурыз мерекесіне орай арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық бөлімшесінің қызметкерлері мекеме бастығымен бекітілген жоспарға сәйкес шаруашылық қалдырылған сотталғандармен Ұлттық спорт іс-шарасы ұйымдастырылды.
Айта кетсек Наурыз-жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңелу сәті, ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молаятын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін, халықтардың ынтымақ күні мерекесінде шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар екі топқа бөлініп, яғни қазақтың ұлттық ойыны арқан тарту, қол күрес және гир көтеру, тоғыз құмалақ ойындарынан спорттық жарыс өткізілді. Жоғарыда аталған қазақ халқының ұлттық ойындары сотталғандардың ептілігін, өжеттілігін,
шапшаңдылығы мен тапқырлығын арту мақсатында ұйымдастырылған. Аталған іс-шараға белсенді қатысқан және жарыста жеңімпаз тобының сотталған азаматтары мекеме бастығының құқығымен «Алғыс» жарияланып марапатталды. Ослайша №67 мекемесіндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандары Наурыз мереке күндерін өткізуде.

Мақала авторы: Мыркалиева Меруерт

Leave A Reply

Your email address will not be published.