Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне 2024 жылы 23 наурызда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, сол күйі үйлеріне оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Жоғалып кеткен балалар — 2012, 2014, 2018 жылы туған.
Іздестіру жұмыстарына өңірлік ТЖД-ның жеке құрамының 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды. 24 наурызға қараған түні сағат 03-40-та жоғалған балалар көрші үйдің аумағында шаруашылық құрылыс нысанынан табылды. Медициналық көмек қажет болмады, — дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
https://turkystan.kz/article/241257-ma-ystau-oblysynda-zho-alyp-ketken-3-bala-tabyldy