Қош, келдің Әз-Наурыз!

268

Көптен күткен Наурыз да келіп жетті. Наурыз қазақ халқы үшін ең бір қасиетті мереке болып саналады. Ұлық мейрамды Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесі қызметкерлері «Наурызнаманың» онкүндігінің сегізінші күні-Ынтымақ күнінде атап өтті. Мекеменің акт залы Наурыз нақышында безендіріліп,ақ дастархан жайылып,наурыз көже ішіліп,құран бағышталды. Мерекелік іс-шараға мекемемен өзара ынтымақтаса жұмыс жүргізетін Жамбыл облыстық прокуратурасының, Ұлттық ұлан 5513 әскери бөлімінің, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің және оған қарасты мекемелерінің басшылары қонаққа шақырылды. Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтауға және насихаттауға ықпалын тигізеді. Наурыз мейрамын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар Қазақстан халқының мәдениеттерін біріктіруге, жалпы мәдени құндылықтарды қалыптастыруға, қоғамда жалпыхалықтық келісім мен бейбітшілікті насихаттауға бағытталған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.