Оқулықтарды таңдау жүйесі автоматтандырылды

444

Бұдан бұлай мұғалімдер сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне қарай, өздеріне ұнайтын оқулықты ETANDAU.GOV.KZ платформасы арқылы таңдай алады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазір электронды платформа Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ Қостанай облысының бірқатар мектебінде апробациядан өткен.

ETANDAU.GOV.KZ – мұғалімдерге арналған оқулықтарды таңдаудың ашық жүйесі. Апробация кезінде оның функционалдығы және жұмысты оңтайландыру мүмкіндіктері расталды. Педагогтер оқу процесінің ерекшеліктері мен ұйымдастырылуын ескере отырып, өздеріне ұнайтын оқулықты өз бетінше таңдай алады, – деді Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығының директоры Назира Әбдірахманова.

Қазір мұғалімдер платформаны пайдалану бойынша оқытудан өтіп жатыр. Бұл бастама білім беру сапасын және тиімділігін арттыруға тағы бір қадам болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.