Өгей қызын өлтірген қоғам белсендісі сотталды

319

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбекке қатысты үкім шықты.
Сотталушының қылмыстық әрекеттері куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен дәлелденді.
Прокурор ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі бойынша сотталушыға 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы тағылған айыпты ішінара мойындады.
«Сот үкімімен Балжан Тұрлыбек кінәлі деп танылды, оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушыға қатысты ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ»,- деп хабарлады соттан.

JQ-Aqparat

Leave A Reply

Your email address will not be published.