АУДАН ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

151
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, кездесу барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, шешу жолдарын түсіндіруді және қарастыруды тапсырған болатын.
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов Жаңатас қаласының тұрғындармен кездесті. Кездесуде аудан әкімі 2023 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. Алдағы атқарылатын жұмыстарды ортаға салды.
Өткен жылы ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан.
Атап айтқанда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ауданда өнеркәсіп өндірісі — 104,2%-ға, инвестиция — 175,3%-ға, құрылыс — 182,4%-ға, тұрғын үй — 101,2%-ға, ауыл шаруашылығы — 90,0%-ға, бөлшек сауда — 132,2%-ға орындалды.
Ауылшаруашылығы салысында да оң өзгерістер бар. Мүйізді ірі қара — 25 817 бас, қой-ешкі — 215 810 бас, жылқы — 10 253 бас, түйе — 3 372 бас, құс — 26 873 бас болып қалыптасты. Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі де артты. 2023 жылы өндірілген ет көлемі 4,6%-ға, сүт өнімі 5%-ға артты.
Аудандағы егістік жер көлемі 24 717 га, оның 24 508 алқапта ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 280 га-ға артық.
Ауыл шаруашылығы техикалары жаңарды. Ауданда барлығы 683 дана ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. 2023 жылы жалпы соммасы 567,2 млн. теңгеге 21 трактор және 69 басқа техникалар алынды.
2024 жылдың 1 қаңтарына ауданда 5084 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның 4628-ы белсенді қызмет жасап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ға артты.
Бүгінгі күнде ауданда өнеркәсіп қызметі бойынша 13 кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Аудандағы ірі кәсіпорындардан облысқа 1,2 млрд. теңге салық түссе, ауданға 2,2 млрд. теңге көлемінде салық түсіп отыр. Мұның бәрі халықтың тұрмысын арттыруға бағытталған шаралар.
Бүгінгі таңда ірі өнеркәсіп орындарында 2872 адам еңбек етеді. Оның ішінде 2 699 азамат (94%) аудан тұрғындары.
Аудан орталығы Жаңатас қаласында да біраз жобалар жүзеге асқан. Бұл туралы аудан басшысы есептік кездесуде атап өтті.
Атап айтқанда, өткен жылы 159 млн. теңгеге Жаңатас қаласындағы бос тұрған 2 шағын аудандағы №32 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Өтпелі нысан болғандықтан биыл 496,7 млн. теңгеге қайта жаңғырту жұмыстары қайта жалғасады. 400 млн. теңгеге Жаңатас қаласындағы 2 мектеп (Абылайхан мектеп- лицейі, М.Әуезов мектеп- гиманзиясы ) күрделі жөндеуден өтті. Жаңатас қаласындағы 4-ші, 5-ші шағын ауданына және «Құрылысшы» саяжайына инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылым тартылды. 163 млн. теңгеге Жаңатас цемент зауытын электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Сарысу ауданының 14 елді мекенін, соның ішінде Жаңатас қаласын, табиғи газбен қамту мақсатында 2 ауқымды жоба бар. Аталған жобалар іске асқан кезде, аудандағы 14 елді мекенмен қатар, Жаңатас қаласы да табиғи газбен қамтылатын болады. Сонымен бірге, «Жаңатас қаласының орталық қазандығын газдандыру» жобасының құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау үшін жалпы 620 млн. теңге қаралып, жабдықтарды сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы жылы да бірқатар жұмыстар атқарылмақшы. Олардың қатарында Жаңатас қаласынан ұшып-қону жолағын салу, орталық ауруханаға жаңа жедел саты орнату, Жаңатас қаласындағы орталық ауруханаға гемодиализге арналған қондырғы орнату, КТ (Компьютерлік томография) қондырғысын алу, Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алу, Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу, Жаңатас қаласында орналасқан қалалық қазандықты газдандыру, сондай ақ, 2 жоба Жанатас қаласындағы жылу жүйесін жөндеу сияқты жұмыстар бар.
Сондай-ақ, алдағы уақыттарды нақтылауды қажет ететін ауқымды жобалар да кездесуде айтылды.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан жаңадан көпқабатты тұрғын үй салу, «Үш алып» ғимаратын, орталық аурухана жанындағы бос тұрған көпқабатты ғимаратты жөндеу, Жаңатас қаласынан «ЕвроХим» компаниясына дейінгі жолды жөндеу, жайылымдық жер, қалаішілік және қалааралық көлік тасымалдауды бақылауға алу, қала ішіне газ трубасын талапқа сай орналастыру сияқты және көптеген жеке мәселелер көптеген мәселелер көтерілді.
Сәкен Үмбетұлы көтерілген мәселелердің біразының қолға алынып, жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтты. Бақылауға алынып, жұмыс жүргізілетін мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.
Жиынға қатысқан қала тұрғындары ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға қанағаттанарлық деген бағасын беріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.
Аудан әкімі жиын соңында жеке мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.