МАХАББАТ ТАЛҒАМ ЕМЕС, ТАҒДЫР

369
Бұл тағдыр туралы маған Айнаның туған әпкесі былай деп айтып еді:
«Мен болған оқиғаны жақсы білемін. Бұл мен үшін шынында өте қайғылы әрі аянышты жағдай болатын. Бұл жалғандағы ата-анадан бірге туған жалғыз аяулы сіңілім он сегіз жасқа толған күнінде бұ дүниеден періште болып ұшып кетті… Ол ес біле бастаған уақытынан бастап бір баланы үнемі көріп жүретін, және оны өлердей сүйетін еді.
Кішкентай кезінде тек оның ойнағанын көру үшін ғана үйден шығатын. Өзі ойнамайтын, тек оның ойнағанына қарап отыратын.
Орта мектепте оқып жүргенде тек ғана оның сабаққа келіп оқып отырғанын көру оған бақыт еді. Терезеден түскен күн сәулесі бірге оқитын ол екеуін бірдей жарқыратып тұратынын түсінбейтін. Тек ана балаға ғана жарық шашып тұр деп ойлайтын.
Жоғары класта оқып жүрген кезінде де оның көңілінде тек сол бала ғана бар еді. 11 жыл бойы оны жақыннан көріп, сонысынан ғана бақыт тауып жүретін. Бірақ, бір күні сіңілім өзінің жүрегіне жазылмайтын сырқат жамап алғанын білген кезде ол үшін енді өмірдің ешбір қызығы қалмады деп бірден күрт төмендеп кетті. Сіңілім өзінің сүйіп, жақсы көріп жүрген барық нәрселері көз алдында елес болып жоғалатындай суық әрі ащы ойды ойлаумен ауыр науқасымен арпалысып бір жылдай жүрді. Ақыры күндердің бір күнінде төсегінде жатып ата-анамызды, мені қайғыдан белімізді қайыстырып, демі таусылды. Әлбетте, менің құлағыма сыбырлаған ең соңғы сөзі ғашық адамының аты екенін мен ғана білдім. Дауысы көмекейінен сырылдап жатып айтқан соңғы сөзі «Арманжан» болатын. Сонымен барлығы да бітті.
Оның демі тоқтағанына жарты сағат өте бере мерекелік торт, бір топ гүл, түрлі ойыншықтар салынған пакетін ұстап Арманжан біздің есікті қақты. Сіңлімнің туған күніне орай көңілін білдірмек болып келген бозбала менен Айнаның оған қалдырған күміс бойтұмарын алып, тас қылып ұстаған күйі көзі жасаурап, басы салбырап табалдырықтан сыртқа аттап бара жатқаны көз алдымда.
…Иә, Арманжан да сәби шағынан Айнаны көру үшін біздің есіктің алдына келіп ойнап, оны көру үшін 11 жыл бойы сабағынан бірде бір рет кешікпей, тек оған ғана «Сүйемін!» деген сөзді батылы жетіп айтып қалу үшін әртүрлі өнермен айналысыпты.Екі-үш күннен соң қолында махаббатынан қалған ең соңғы белгі бойтұмарды тас қылып ұстаған күйі өз төсегінде жансыз жатқан Арманжанның жанында боздап отырған Анасын көрдім. Одан кейінгісі есімде жоқ, бәріміз де қара түнектің астында қалдық!»
Адамдар көбінесе жалғызсырап жүреді, себебі олар жүректер арасына көпір салудың орнына қабырға тұрғызып қояды. Бұл бір-бірін сүйе тұрып айтып үлгермеген жастардың аянышты тарихы ғана. Жалпы махаббат дегеніміз талғам ғана емес, ол сенің тағдырың! Ендеше өте абай бол бауырым…

Leave A Reply

Your email address will not be published.