«Ақшамды қайда жұмсарымды білмей…»:

512

«Ақшам көп болса да алмас едім» дегенді айтпаңыздар» дейді әнші. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Ерке Есмахан «Инстаграм» парақшасында құны 11 миллион 800 мың теңге тұратын сөмкесін көрсетіп, мақтанды. «Бұл сөмкені әдемілігі үшін, легендасы үшін, талғамы жоғары, ақшасы бар, сән әлемін жақсы түсінетін сылқымдар ғана алады. Бұл сөмкенің құдіреті не? 40 жылдық тарихы бар сөмке. Әлемдегі атақты, бай, танымал адамдардың сүйікті сөмкесі. Трендтен қалмайды.  …«Биркин» сөмкелері арнайы тапсырыспен тігіледі. Көлемі де әртүрлі. Әр сөмкеге сериялық нөмір, брендтің коды беріледі. Бұл сөмкенің ерекшелігі – қолөнер туындысы. Әр деталі адамның қолымен жасалады. Бір сөмке 1 апта тігіледі. Жәнек тек бір ғана шебер басынан аяғына дейін қаншама сағат отырып тігеді. Оны сатып алу үшін күту парағына жазылу керек. Бір кездері адамдар 6 жылдап күткен. Ал қазір 2-3 айда келеді» деді Ерке Есмахан. Ол тапсырыс берген сөмкесін үш айға жуық уақыт күтіпті.  «Осы жерде бір жаңалығыммен бөлісейін. Менің тапсырыс берген сөмкем 2 айдан астам уақыт тігіліп, маған жетті. «Ақшам көп болса да алмас едім» дегенді айтпаңыздар.  «Ақшамды қайда жұмсарымды білмей, мен де осындай сөмке жинайын» деп айтыңыздар. Мидағы миллиондарға жол ашыңыздар! Мен осыдан 10 жыл бұрын өзім үлкен табыс тауып бастағанда, дәл осындай сөмке ұстаймын деп ойламағам. Ауылдан шықтым, Ақтөбеде тұрып, Алматыға келіп, керемет орталарды көріп, көп нәрсені көңілге түйдім, стиль дегенді түсіндім. Бала күнімнен сәнге, талғаммен киінуге жақынмын. Аңызға айналған сөмкені соңғы жылдары қатты армандадым. Міне, Алла арманымды күйеуім арқылы орындады.  Өмірде ең маңыздысы модамен киіну емес, бренд сөмке жинау емес. Бастысы – денсаулық, амагдық. Бірақ, әр әйелдің ішкі сезімін рахатқа бөлеп, өмірін әдемі ететін осындай дүниелер бар. Және оған ұмтылудың еш айыбы жоқ. Күйеуіме рахмет! Мені бақытты ету үшін қолынан келетіннің бәрін жасауға дайын. Бағалаймын!» деді Ерке әнші.

https://smartnews.kz/news/9461—akshamdy-kajda-zhumsarymdy-bilmej-erke-esmahan-su-zhana-somkesin-korsetti?fbclid=IwAR2Ofqcrmrdf15wN7deHxE6jvuA4XS0P9lb5cIrsydroHvnM2GfDKLNVY3g

Leave A Reply

Your email address will not be published.