Қазақстандық жауынгер UFC-дегі екінші жекпе-жегінде чемпиондық титулды жеңіп алады деген болжам бар

124
Ресейлік UFC файтері Ирина Алексеева MMA.Metaratings.ru сайтына берген эксклюзивті сұхбатында қазақстандық  Асу Алмабаев пен америкалық Си Джей Вергара арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Sports.kz сайтына сілтеме жасап

«Вергара Алмабаевты тоқтататын қарсылас емес. Мен Асуды фаворит санаймын. Менің ойымша, ол жеңіл салмақта алысқа баруы мүмкін, ол чемпион болуы мүмкін. Мен әрқашан қазақстандық жігіттерді қолдаймын, сондықтан тек сәттілік тілеймін», — деді Алексеева.

Естеріңізге сала кетейік, Алмабаев пен Вергара арасындағы жекпе-жек 10 наурызда UFC 299 турнирінде өтеді. 30 жастағы Алмабаевтың еншісінде 18 жеңіс, екі жеңіліс бар, ал 32 жастағы Вергараның еншісінде 12 жеңіс, 4 жеңіліс және 1 тең нәтиже көрсеткен.

 

jambylinfo.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.