ҒАСЫР ЖАСАҒАН АНАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

76
Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күні ауданымыздағы ең қарт ана, Өндіріс ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысындағы тыл еңбеккері, 102 жастағы Өмірбаева Бибайша әженің шаңырағында болып, қарт анаға сый-құрмет көрсетті.
Мерекелік құттықтауда аудан әкімі алдыңғы буын ардагер аналардың елеулі еңбегі көпке үлгі, қандай құрметке болса да лайық екенін айтып, қазыналы қарияларды құрметтеу кейінгі ұрпақтың парызы екендігіне тоқталды.
Жастайынан еңбекке араласқан Бибайша әже 102-ден асса да әлі де тың.
Небір қиын кезеңдерді бастан кешкен кейуана өткен өмірін ерекше тебіреніспен еске алды.
1922 жылы 1 қаңтарда қазіргі Өндіріс ауылында дүниеге келген ақ жаулықты ана 12 жасынан бастап тылда еңбек етіп, Мәскеу қаласына дейін барған.
1941-1950 жылдары соғыс зардабынан бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіруге қатысқан. 1950 жылдан бастап, 1980 жылға дейін Коммунар совхозында жүгері егу жұмысында звеновод, ағаш өңдеу цехында жұмысшы, егін шаруашылығында мақташы, қызылша жинаушы болып еңбек еткен. 1980 жылы зейнетке шыққан.
Мерекелік жүздесуде ғасыр жасаған ана елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілеп, аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, аналық ақ батасын берді.
Маңдай тер, адал еңбегінің арқасында құрметке бөленген қарт ана бүгінде 30 немере мен 10 шөберенің қызығын көруде.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.