ҰҚК Ресейде Қазақстанның екі азаматы өлтірілгенін растады

256

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, көз жұмғандардың қазақстандықтар екені және олардың Ресейге шыққаны расталып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. «БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың қазақстандық азаматтығы және Ресейге барғаны расталады», – делінген комитет таратқан ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.