Қарағанды қаласы әкімінің ұялы телефонына хакерлік шабуыл жасалды

84

Мейрам Кожухов
Фото: Қарағанды әкімдігі

АСТАНА. ҚАРАҒАНДЫ – Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожуховтың ұялы телефонына әлдебіреулер хакерлік шабуыл жасаған. Ол туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлім етті.

«Менің ұялы телефоным бұғатталды. Өтініш, жауап бермеулеріңізді және ештеңе жібермеулеріңізді сұраймын», — деген жазба қалдырды Мейрам Кожухов Instagram-stories желісінде.

Айта кетейік, Мейрам Кожухов Қарағанды қаласының әкімі болып былтыр қаңтарда тағайындалды.

Оның кандидатурасын өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ұсынған еді.

https://kaz.inform.kz/news/karagandi-kalasi-akmnn-uyali-telefonina-hakerlk-shabuil-zhasalgan-d40fc6/

Leave A Reply

Your email address will not be published.