«Алғыс айту» күніндегі айрықша шара

184

Сегіз жылдан бері елімізде көктемнің алғашқы күнінде «Алғыс айту» күні атап өтіледі. Осынау мерекенің қарсаңында ел тұрғындары бір-біріне шынайы ризашылығын білдіріп, бірін-бірі мерекемен құттықтауға асығады.

Осынау ізгілік пен мейірімділік мерекесіне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында мәдени шара өткізілді. Оның аясында сотталғандар қабырға газеттерін дайындап, өз ризашылықтары мен шынайы ықыластарын қағаз бетіне түсірді.

Сондай-ақ мерекені күні жазасын өтеуші жақындарымен кездесуге мүмкіндік алған ата-аналар қауымы да өз алғыстарын білдіруде. Олар көктемнің алғашқы күні «Алғыс айту» мерекесіне орай осындай мүмкіндікке ие болғандарына қуанышты екендерін айтып, ақжарма тілектерін жеткізді. Өз сөздерінде олар түзеу мекемесінің қызметкерлері жұмыстарын жауапкершілікпен орындайтынын, жаза басып, темір торға тоғытылғандардың туыстарына сыпайылық танытып, көмектесуге дайын тұратындығын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.