Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, Қызылордада полицейлер халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Күдікті үш айға жуық уақыт бойы тергеуден жасырынып жүрген.
«23 ақпанда криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында адам ұрлады деген айыппен облыс орталығының 50 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.
https://turkystan.kz/article/240294-adam-rlady-degen-k-dikpen-aza-standy-staldy