Фракция мүшелері отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын назарға алды

324

Бүгін «AMANAT» партиясының Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Кезекті жиында фракция мүшелері Тараз қаласында отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын күшейтуде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын қарады. Ол бойынша Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Гүлхан Тұрсынбаеваның баяндамасы тыңдалды.

Айта кетерлігі, орталыққа өткен жылы 160 азамат жүгінсе, олардың 118 кәмелет жасына толмаған балалар. Дегенмен орталық орналасқан ғимарат тарлық еткендіктен онда тек 25-30 адамға ғана орын қарастырылған. Яғни, 5-6 балалы әйел ғана орналаса алады. Осыны ескерген тиісті мамандар Асқаров көшесіндегі бұрынғы Оңалту орталығына көшу туралы шешім шығарған. Қазіргі таңда онда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, наурыз айында орталық жаңа нысанға көшпек. Осылайша, орталықтың сыйымдылығы 70 адамға дейін ұлғайтылмақ.

Жалпы, бүгінгі облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына берілгелі отырған жаңа ғимарат аумағы 2467 шаршы метрді құрайды екен. Сондықтан фракция мүшелері орталықтың сыйымдылығын 300 адамға дейін ұлғайту туралы ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, олардың балаларын мектеп пен балабақшаларға тасымалдау бойынша арнайы автобус қарастыру туралы да орамды ойлар айтылды.

Фракция отырысында сонымен қатар Сайлау науқаны барысында сайлаушылардан түскен аманаттардың, сайлауалды бағдарламаларының орындалу барысы және депутаттық міндеттерін атқаруы туралы фракция мүшелерінің есептері тыңдалды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.