Жамбылдық ана-аналар балаларының күнделігін интернеттен көре алады

632

Жамбыл облысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 446 мектептің барлығы электронды ресурстар жүйесіне толық қосылған.

Оның 396-сы  жоғары жылдамдықтағы ғаламтормен қамтылған. Ол үшін облыстық бюджеттен 87 миллион қаржы бөлінді.  Ал «білім-лэнд»,  оқу порталында қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі анимациялар, видеофильмдер, интерактивті жаттығулар мен  түрлі тапсырмалардың ең үлкен қоры жинақталған. Қазір барлық мектептерге осы  электронды ресурстарға қосылу үшін пароль мен логиндар таратылып, жүйелі жұмыс атқарылуда.

– Бұл мұғалімге уақытын үнемдеуге береді, себебі әр пән әр сабақ бойынша, тақырыптар бойынша дайын электрондық көмекші құралдар орналастырылған ол жерге, бастауыш десе бастауыштың сандары қосу көбейту фигуралары деген сияқты неше түрлі мультипликационный анмационный материалдар бар, – дейді білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығының директоры Сағадат Бесінбаев.

24.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.