Әскери қызметшілермен психологиялық жұмыс жүргізілді

218

Жамбыл облысы Қылмыстық-атқару жүйесіне бағынысты №25 мекемесінің психологтары ҚР Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің мекемедегі жазасын өтеушілерді күзететін мерзімді әскери қызметшілерімен психологиялық жұмыстар жүргізді. Оның барысында сарбаздармен арт-терапия, психологиялық профилактика, психологиялық консультация және диагностика шаралары өткізіліп, түрлі тесттер алынып, нәтижелері жұмыс барысында шығарылды.

– Тренингтер мекемедегі жазасын өтеушілерді күзету барысында сарбаздардың өзіне және қаруластарына деген сенімін қалыптастыруға, психологиялық жүктемені азайтуға бағытталған. Сонымен қатар тренингтер әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайы мен әскери тәртібінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай шаралар сарбаздардың өз міндеттерін орындауға, дайындығына әсер етеді, – дейді мекеме психологтары.

Психологиялық тренингтер ұжымдық жұмыс кезінде адамның өзіне деген сенімділігін нығайтуға, тиімді қарым-қатынас орнатуға, өзін-өзі бақылау дағдыларын арттыруға және қалыпты емес жағдайларда шешімдерін тез қабылдауға мүмкіндік береді. Осындай тренингтерден кейін мерзімді әскери қызметшілердің эмоционалды және моральдық-психологиялық ахуалында оң динамика байқалады, бұл олардың әскери қызметке тез бейімделуіне ықпал етеді.

Шырай Ерназарова,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекемесінің психологы

Leave A Reply

Your email address will not be published.