Түнгі клубқа барған қызылордалық екі мұғалім жұмыстан қуылды

101

Қызылорда облысының мұғалімдері Түркиядағы демалыстан кейін жұмыссыз қалды.

Қысқы демалыс кезінде олар Түркияға демалуға барған. БАҚ жазғандай, онда олар трансвеститтерге арналған түнгі клубқа барып, ол туралы әлеуметтік желілерде видео жариялаған.

Әлеуметтік желідегі шудан кейін мұғалімдер жұмыстан шығарылды. Бұл шешімді Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басшысы Ернұр Дәуенов түсіндірді.

Ол этикалық нормаларды сақтау мұғалімдердің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің қалыпты сипаты болуы керектігін айтты.

«Қысқы каникулда Түркияда түнгі клубта демалып жатқан Қызылорда облысының екі мұғалімі әлеуметтік желіде жариялаған видеолары ата-аналар қауымының наразылығын тудырды. Мұғалімдер жұмыстан босатылды», — деп түсіндірді ол.

Дәуенов сондай-ақ барша ұстаздарды моральдік-адамгершілік құндылықтар талабына сай болуға шақырды.

 

https://turkystan.kz/article/238908-t-ngi-klub-a-bar-an-yzylordaly-eki-m-alim-zh-mystan-uyldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.