«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІ ЖАҢҒЫРҒАН…» FASHION-ТРЕНД ӨТТІ

127
Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Дәстүр» клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрінен үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған…» fashion-тренд өтті.
Іс-шараға “Анаға тағзым” отбасын қолдау орталығының “Бойтұмар” дизайн және қолөнер студиясының курс жетекшісі Гүлнар Абдуллаева қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Ата-бабаларымыздың, апа-әжелеріміздің бай мұрасының шеберлік қабілетін жалғастырып, өрнектеп, жетілдіріп баға жетпес қазынаға айналдырып жүрген Гүлнар Исембайқызы өз қолымен жасаған қолөнер туындысын кітапханаға тарту етті.

 

Анаға Тағзым Орталығы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.