Асар-ел бірлігі.

98
Ежелден елдік мұратты, ұлттық құндылықты ерекше дәріптеген халқымызда ғасырлар бойы кісіліктің көркем үлгілері қалыптасқан. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында.
Дәл бүгін осындай қуанышқа бірлігі жарасқан Шығанақ ауылында «Асар» жобасымен салынған тұрғын үйдің кілті тапсырылды.
Аудан әкімдігі аппаратының басшысы М.Тулеулиев үйсіз жазғыз басты ана Ж.Байдибаеваны баспаналы болуымен құттықтап, үйдің кілтін табыс етіп, өзінің ізгі ниет тілектерін жеткізді.
Осыдан кейін ауыл ақсақалы О.Боранбаев құттықтау сөз сөйлеп өзінің ақ батасын берді. Асарлатып салынған үйдің лентасын ауыл ақсақалы О.Боранбаев пен аудан әкімі аппаратының басшысы М.Тулеулиев қиып, ауыл әжелері тәттіден шашуларын шашып үй иесімен бірге қуанды.

 

Мойынқұм Ауданы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.