ҚАЖ қызметкерлерінің кәсіби қызметтік дайындығы қорытындыланды

110

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері – қоғамдық тәртіптің басты қорғаушысы. Демек, тәртіп сақшылары өз міндеттерін мінсіз атқарып қана қоймай, олардың бойында көз ілеспес жылдамдық, шымырлық һәм ширақтық керек болуы тиіс. Бұл ретте оларға сан қырлы спорттың пайдасы аса зор екені айтпаса да түсінікті.

Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде оған бағынысты түзеу мекемелерінде жұмыс істейтін жеке құрам қызметкерлерінен кәсіби қызметтік және дене шынықтыру бойынша жылдық қорытынды қабылданды. Бұл күні ҚАЖ қызметкерлері кермекке (турник) тартылу, қашықтыққа жүгіру сынды бірқатар сынақтарды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.