ІРГЕЛІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

101
Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қайрат Аманов аудандағы тау-кен өндеу кәсіпорындарын аралады. Өңірде фосфор кені өндірісін арттырып отырған «ГПК Казфосфат» ЖШС мен «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-нің басшыларымен кездесті.
Аудандағы іргелі кәсіпорындардың басшыларымен кездесуде бірқатар мәселелерге көңіл аударылды. Өндіріс саласындағы әлеуметтік мәселелер, еңбек қатынастары және ауданға инвестиция салудағы жұмыстар талқыланды.
Сонымен қатар, Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтың ауданға келгендегі жұмыс сапарында берілген тапсырмасына сәйкес, аудан аумағынан ашылатын субаймақтарға қажетті инфрақұрылымдарды (темір жол,электр энергия, автожол, су) іске асыру туралы сөз болды. Қазіргі уақытта «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС мен «Қазақ Сода» ЖШС–нің зауыттарының қасынан жергілікті шикізаттарды тиімді пайдалану мақсатында субаймақтарға атқарушы органның тарапынан қажетті жер телімдері әзірленгені белгілі, онда қосымша (спомогательный) зауыттар ашу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, кездесу барысында әр жылдың 5 желтоқсаны қала құраушы «ГПК Қазфосфат» ЖШС-күні» екені белгілі, осы іс-шараның алдағы күндері өткізу жоспары да кәсіпорын басшысымен пысықталды.
Өз кезегінде кәсіпорын басшылары айтылған ұсыныстар мен кезек күттірмей шешуге тиісті мәселелер бойынша және аудан игілігі үшін бірлесе жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі 

Leave A Reply

Your email address will not be published.