МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

102
Облыс орталығында «Мәдениет – асыл қазынам» атты барлық ауданда өткен мәдениет күндерінің қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды.
«Өнер көзі –халықта» атты өнер ұжымдары арасындағы іріктеуде Сарысу ауданынан аудандық мәдениет үйінің “Айжан қыз» би ұжымы бірінші орынмен марапатталды.
Марапатты Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев табыс етті.
«Айжан қыз» би ұжымына аудандық мәдениет үйінің қызметкері Күләш Байтұрсынова жетекшілік етеді. 1986 жылы Жаңатас қаласындағы «Горняк» мәдениет сарайынан құрылған бұл «Айжан қыз» би ұжымы халықтық атағы бар үлкен ұжымға айналған. Би ұжымындағы үлкен, орта, кіші топтардың шығарған билері мерекенің ажарын ашып, шығармашылық тың, жаңаша ізденістермен ел ризашылығына бөленіп келеді.
Марапат құтты болсын, жерлестер!

 

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.