«Улы газдан сақ болыңыз» акциясы өтуде.

157
Ағымдағы жылдың қараша айының басынан Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері, газ шаруашылығы мамандары және аудан еріктілермен бірлесіп, аудан аумағында жеке тұрғын үй секторларын аралап, көмір тотығы газынан уланудың алдын алу бойынша «Улы газдан сақ болыңыз» атты акциясы өтуде. Акцияны өткізудің мақсаты – жеке тұрғын үй секторларында және халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерін аралап, жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан көмір тотығы газына уланудың алдын алу. Осы аралықта Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық-түсіндірме парақтары таратылуда. Бүгінде «Улы газдан сақ болыңыз» акциясы барысында жеке тұрғын үйлерде уланудың ең көп тараған себептері тұрғын үйлердегі газ калонкаларын пайдалану ережелерінің бұзылуы, сондай-ақ түтін мұржаларының бекітіліп қалуы салдарынан орын алатын улану оқиғаларының алдын алу бойынша ауқымды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аудан аумағында көктем мезгіліне дейін тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Абылай Алмас Тұрсынбекұлы

 

Жуалы ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.