Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Серғали Айдапкеловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Серғали Өмірзақұлы басқарманың соңғы 7 айда атқарған жұмыстары туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-нің мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2018 жылдың есепті мерзіміне облыс ұйымдары мен кәсіпорындарында 83 тексерулер жүргізілді. Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша жұмыс берушілерге 43 бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Оның 35 еңбек қатынастарына, 7 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты, халықты жұмыспен қамту – 1. Есепті кезеңде заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 48 әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылыр шығарылып, 3,992 млн.теңге соммасына әкімшілік айыппұл салынды және 21 ескерту беріліп, оның 3,631 млн. теңгесі өндірілді. Жоспарлы шараларды іске асырудың нәтижесінде есепті кезеңде 101 бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: 64 еңбек қатынастарына, 34 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты, халықты жұмыспен қамту – 3. Есепті кезеңде тексеру арқылы 76 азаматтардың жазбаша өтініштері қаралды.