Қарағанды облысында ер адам әйелін ұрып өлтірген

76

Фото: gov.kz

11 қазанға қараған түні Абайдағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден зорлық-зомбылықпен өлтірілген әйелдің денесі табылды. Қылмыс орнына барған полиция қызметкерлері марқұмның денесінде әртүрлі ауырлықтағы көптеген жарақаттардың бар екенін анықтады. Қайтыс болған әйел 34 жаста. Кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның күйеуі ұсталды.

«Жедел-іздестіру шараларымен күдіктіні ретінде жәбірленушінің 35 жастағы күйеуі анықталды. Ол өз кінәсін мойындап, туындаған ұрыс-керіс салдарынан әйелге дене жарақатын салғанын айтты. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлімі “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген полиция хабарламасында.

Күдікті қамауға алынған. Алдағы уақытта оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылатын болады. Әйелдің өлімінің нақты себебін анықтау үшін іс бойынша сараптама тағайындалды.

https://stan.kz/karagandi-oblisinda-er-adam-ayelin-yrip-oltirgen-389591/

Leave A Reply

Your email address will not be published.