МЕРДІГЕР ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛДЫ

131
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Қаракемер ауылында салынып жатқан әмбебап спорт кешенің құрылыс жұмыстарын көрді.
Мердігермен жолығып, сылбыр жұмыстарды сынға алды.
– Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес спорт кешендерінің құрылысы мерзімінде аяқталуы керек. Біз қаракемерліктерге спорт кешені биыл игілікке берілетінін айтқанбыз. Ал жұмыстар баяу. Жұмысшылар саны тым аз. Егер жұмыстар бұлай жалғасса, келісімшартты бұзамыз. Басқа мердігер табылады,– деді Ерлан Қыдыралыұлы.
Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков те жұмыстар осылай жалғасса мерзімінде аяқталмау қаупі барын алға тартты.

 

Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.