Психолог және теолог мамандармен кездесу өтті

150

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №25 мекемесіне Шымкент қаласынан мекемеаралық психолог және теолог мамандар келіп,  сотталғандармен кездесіп, тренинг өткізді.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеуші азаматтардың өз мінез-құлқын сырттан бағалай отырып, өзін басқалармен салыстыру және нақты жағдайларда қарым-қатынасын түзету.

– Тренинг барысында көптеген сотталушы жан дүниесіндегі сырымен бөлісіп, ішіндегі өшіп бара жатқан «махаббат, жылулық, адалдық» сезімдерінің бір ұшқыны болса да қалғанын айтты. Қиын жағдайды бастан өткеріп жатқан жандарға ашылып сөйлесу үшін бұл тағы бір мүмкіндік. Өз ойларын ашық айтып, сергіту сәтінде өздерін еркін сезінгендері бізді де қуантады, – деді мамандар.

Іс-шара барысында жазасын өтеуші азаматтарға түрлі жаттығуларын ұйымдастырды. Сондай-ақ сотталғандар теолог мамандармен жүздесіп, дін тақырыбында толыққанды сұхбат жүргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.