17 жыл құлдықта болған Назгүл мен Құндыздың аға-жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

246

17 жыл бойы туған ағасында құлдықта болған апалы-сіңлі Назгүл мен Құндыз қазір Алматы қаласында тұрып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Руслан Өтепбайдың айтуынша, қыздар 3 аптадан бері кешенді ем-дом қабылдап жатыр.

«Апалы-сіңлі кешенді ем қабылдау үшін медициналық орталықтың жанынан пәтер жалдадық. Сонымен қатар олардың тамағын әзірлеп, жуындырып, киімдерін тазалау үшін күтуші жалдадық. Қыздар 3 ай бойы емді Алматы қаласындағы орталықта қабылдайды» деп жазды Р. Өтепбай.

Сондай-ақ, ол қыздарды құлдықта ұстаған ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

«Қыздарды құлдықта ұстаған ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар оқыс жағдайда қайтыс болған інілерінің өлімі қалай орын алғанын анықтау үшін тілшілер дәлелдер жинауда. Таяуда ашылмаған басқа да жайттарды эфирде тәптіштеп айтамыз. Ал әзірге басты мақсат— қыздардың денсаулығын ретке келтіру», — деді журналист.

https://turkystan.kz/article/233984-17-zhyl-ldy-ta-bol-an-nazg-l-men-ndyzdy-a-a-zhe-gesine-atysty-ylmysty-is-oz-aldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.