«Аналарың жол апатына түсті»: Көкшетауда алаяқтар екі баланы 18 млн теңге аударуға мәжбүрлеген

95

Ақмола облысының прокуратурасының мәліметінше, 21 жастағы жігіт екі кішкентай қызды «аналарың жол апатына түсіп қалды» деп ойдан шығарып, алдаған. Жалғыз емес, сыбайластарымен бірге әрекет еткен.

«А.есімді азамат кішкентай қыздарға анасының жоқтығын пайдаланып, «аналарың жол апатына түсті» деп өтірік айтады. Оған көмектесеміз деген сылтаумен қаскөйлер екі баланы алдап, жалғызбасты әйелдің пәтер сатып алуға жинаған 18 млн теңгесін иемденіп кеткен», — делінген хабарламада.

Сот үкімімен күдікті 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

https://stan.kz/analarin-zhol-apatina-tusti-kokshetauda-alayaktar-eki-b-388607/

Leave A Reply

Your email address will not be published.